Әлішер Каримов – «Ереван шақырады» конкурсының лауреаты!

Әлішер Каримов – «Ереван шақырады» конкурсының лауреаты!

«Бозторғай» халықаралық фестивалі Қоғамдық қорының хабарлауынша, Қазақстанның атын қорғаған Әлішер Каримов І Халықаралық «Ереван шақырады» байқауында лауреат атанып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Бұл байқауға негізінен заманауи әндерді айтатын жастар қатысады. Арменияның астанасы Ереван қаласында өткен байқауға 16-30 жас аралығындағы өнерпаз жастар қатысқан. Айта кетер болсақ, ән додасында 20-дан астам ел өз бағын сынады.  

«Ереван шақырады» байқауының делегация жетекшісі және Халықаралық төрешілер мүшесі болып біздің елден «Бозторғай» халықаралық байқауының директоры Қарлығаш Әбдікәрімова барды.

Еліміздің намысын қорғаған Әлішерді журналистер мен жанкүйерлер 16 қазанда, яғни бүгін күтіп алады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vesti.kz

А. Құлтай