"Despacito" әнінің бейнебаяны рекордтық көрсеткішке жетті

"Despacito" әнінің бейнебаяны рекордтық көрсеткішке жетті
Фото: hitsdailydouble.com

2017 жылдың хит әніне айналған, бүкіл әлем бойынша "вирустық" әуен болып үлгерген "Despacito" әнінің бейнебаяны рекордтық көрсеткішке жетті. Осыған дейінгі әлемдік рекорд әйгілі кореялық әнші PSY-ға тиесілі еді. PSY-дың "Gangnam style" әнінің бейнебаян көрілімі 3 миллиардқа жуықтаса, "Despacito" 4 миллиардтан асты.

Музыка әлеміндегі ең үлкен жетістік те осы әннің қанжығасында. Өйткені, ол  америкалық Hot 100 чартында 16 апта бойы бірінші орынды иемденуі арқылы Мэрайи Кэридің "One Sweet Day" аталатын әнінің рекордын жаңартты. 

Әннің авторлары Луиса Фонси  мен  Дэдди Янки қуаныштарын жасырар емес. Алайда, олар басты мақсатымыз клиптің шыққан отанын қалыпқа келтіру дейді. 

Айта кетейік, әннің бейнабаяны Пуэрто-Рикода түсірілді. Ал, дәл қазіргі жағдайда Пуэрто-Рико алапат дауылдың салдарынан зардап шегіп отыр. Бүгінде елдің бар-жоғы 16%-на ғана жарық тартылған. Тосыннан келген зардаптан құтылу үшін бірнеше миллиард қаржы қажет екен. Ән авторлары өз көрермендерін осынау қасіреттің жүгін бірге көтеруге шақырып отырған жайы бар. 

Ж. Жұмағұлов