Ең жылдам рэпер

Ең жылдам рэпер
Фото: alchetron.com

Кез келген музыка жанрының өз тарихы бар. Рэп те – өнер. Оған да ептілік керек. Жер бетінде бірегей талантты адамдар аз емес. Бірақ олардың бәрі бірдей танымал бола алмайды. Өзінің ерекше өнерімен әлем назарын өзіне аудартқан танымал адамдардың бірі түрік рэпері – Билгин Озчалкан (Bilgin Özçalkan). Оның ерекшелігі – рэп мәтінін өте жылдам оқидытындығында.  

Рэп сөзі «Rhythm and Poetry» (ырғақ және поэзия), Rhytmic African Poetry» (ырғақты африкалық поэзия) немесе «Radical American Poetry» (радикалдық америкалық поэзия) деген тіркестерден қысқартылып алынған. Бір кездері рэп ағылшын тілінде rapping, rapper деп біртүбірлі сөздерде қолданыла берген. 

Рэп – тілге жеңіл әрі айтуға оңай, тыңдаушы құлаққа белгілі ритм арқылы жететін музыканың ерекше түрі, хип-хоп жанрының негізінде пайда болған. Ең алғашқы өкілі ретінде Джек Гибсонды атайды. Лақап аты – «Джек-рэпер». Уақыт өте келе рэптің өзіне тән батлдары пайда болды. Яғни сол жерде ритмнің ырғағына түсіп, сөз құрау, қарсыласына жауап беру, сұрақ қою сынды ұғымдармен ерекшелене бастады. 

Билгиннің ұлты – түрік. Ол рэп жанрына түбегейлі ден қоюы 1995 жылдан басталады. Ол Стамбулда өмір сүріп, музыкалық туындыларымен кассеталарды алмастырды және біртіндеп шығармашылық жұмыспен айналысады. Өзінің сенімді достарымен бірге алғашқы ән жинағын жарыққа шығарады. Fatalrhymer атты бүркеншік есіммен құрған Nefret тобы халық арасына кеңінен танылады.

Билгиннің сөзді өте тез оқуы және ақылдылығы оған кез келген қарсыласын тұқыртып кетуге мүмкіндік берді. Бірде досы екеуі бұзақыларға кезігіп қалады. Пышақтасудың алдын алу үшін Nefret "бауыр бауырды өлтірмеу керек" деген мағынадағы мыңдаған сөзден тұратын тұтас тирадамен оларды таңғалдырады. Осыдан соң бұзақылар оған оққағар болуға ұсыныс жасап, кейін ең жақын достарға айналады.

Оның әлемде ең жылдам орындалатын Holocaust туындысын тыңдасаңыз құдды көз алдыңызға пулеметтен көзсіз жылдамдықпен оқ атылып жатқандай сезімде боласыз. Nefret үлкен сахнаға шыққан соң, Ceza атты бүркеншік атпен көпшілікке танымал болды. 2007 жылы MTV премиясын иеленіп, әйгілі амареикалыұқ рэпер Tech N9ne-мен гастрольдік сапарларға шықты. 

Айта кетейік, Holocaust туындысында Ceza 2 минут 38 секундта 1267 сөз оқиды. 

Ж. Жұмағұлов