Астанада ІV Халықаралық скрипкашылар байқауы өтеді

Астанада ІV Халықаралық скрипкашылар байқауы өтеді

15-19 қазан аралығында Астанада ІV Халықаралық скрипкашылар конкурсы өтпек. Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шара ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақ Ұлттық өнер университетінің қолдауымен ұйымдастырылмақ.

Байқауға екі түрлі жас топтағы скрипкашылар, мамандандырылған оқу орындарының оқушылары және шет елдік өнерпаздар қатыспақ. Біріншісі – кіші топ (10-15 жас аралығы), екіншісі – жоғары топ (16-28 жас аралығы). Бағдарлама бойынша байқау қатысушылары әлемдік классиканы орындамақ. Оның ішінде И.С.Бах, Н.Паганини, И.Брамса, П.Чайковский, Д.Шостакович секілді әлемге әйгілі алыптардың туындылары бар.

Байқаудың ашылу салтанаты 15 қазан күні сағат 17.00-де ҚазҰӨУ-дың Орган залында болмақ. Финалистердің қатысуымен болатын соңғы кеш 19 қазан күні гала-концертпен аяқталмақ.

Әділ-қазылар мен төрешілер қатарына белгілі скрипкашылар – ҚР Халық әртісі, профессор Айман Мұсақожаева, Мәскеу консерваториясының профессоры, КСРО-ның Халық әртісі Эдуард Грач секілді тұлғалар кірді.

Байқау мақсаты Қазақстан сазгерлерінің әндерінің насихаттау мен еліміздің мәдени имиджін қалыптастыру делінген ақпараттық қағазда.

 Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: yugopolis.ru

А. Құлтай