"Eurovision-2017" жеңімпазы жүрегін ауыстырмақ

"Eurovision-2017" жеңімпазы жүрегін ауыстырмақ
Фото: vistanews.ru

Киев қаласында өткен "Eurovision-2017" халықаралық конкурсының жеңімпазы Сальвадор Собрал жүрегін ауыстыру үшін Лиссабондағы ауруханаға жатқызылды. Ол мұнда үлкен отаға дайындалмақ. 

Әншінің отасына жеткілікті түрде қаражат жиналған. 27 жастағы Собрал бала кезінен қатерлі дертпен ауырады. Сол себепті де оған Еуровидениенің дайындықтарына қатыспауға рұқсат берілген. 

"Eurovision-2017 конкурсының ақтық бәсекесі 13 мамырда өткен болатын. Онда португалиялық көрермендер мен ұлттық қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша "Amar Pelos Dois" әнімен 758 ұпай жинап, жеңімпаз атанған еді.  Екінші орынды 615 ұпай жинаған Болгария әншісі Кристиан Костов алса, үшінші орынға бельгиялық әнші Blanche лайық деп танылды.

Ж. Жұмағұлов