Димаш қытайлық рэпермен бірге өнер көрсетті

Димаш қытайлық рэпермен бірге өнер көрсетті
Фото: vk.com

Кеше миллиондардың сүйіктісі, қазақ елінің мақтанышы Димаш Құдайберген Қытай еліндегі "The coming one'' бағдарламасында қытайлық рэпер  Victor Ma-мен поп музыка королі Майкл Джексонның "Earth Song" әнін өзгеше нақышта орындап, тыңдармандардың көңілін бір серпілтті. 

Артынша ол инстаграм парақшасына: "Бүгін "The voice" жобасының аналогы "The coming one'' бағдарламасының қатысушысы Victor Ma деген тамаша репермен қонақ ретінде өнер көрсеттім.1 -орын алды. Жеңісіңмен құттықтаймын досым!!!", - деп жазды. 

Естеріңізге сала кетейік, Димаш қатысқан "I am singer" жобасы Қазақстанда жалғасын тапты. "I`m a singer Kazakhstan" шоуының алғашқы эпизодын 24 қыркүйек күні сағат 21:00-де 31 арна эфирінен тамашалай аласыздар. Аңызға бастап барар шоудан қапы қалмаңыздар! 

Ж. Жұмағұлов