Бұл айқас әлі біткен жоқ...

Бұл айқас әлі біткен жоқ...
Фото: YouTube

18 тамызда жарық көрген «Алашұлы» тобының «Пай-пай-пай» әніне түсірілген клип қоғамда үлкен дау туғызды. Қоғам тіпті екіге бөлінді. Бірі бұл «91» тобына қарсы жасалған клип десе, бірі ешқандай астарлы ойы жоқ, жігіттердің қазақы болмысты дәріптегені деп түйді.

Клипте байқап отырсаңыз, бірінші ойдағы пікір басымырақ. Себебі клипке түскен жастардың киім киісі заманауи әрі жігіттердің боянуы да ерсі көрінеді. Осы жағынан алған кезде іштей «бәлкім солай болар» деген ой келеді. Бірақ бірден тон пішуге болмас.

Клип соңында «бұл айқас әлі біткен жоқ» деп жоқ болып кететін қызыл костюмдегі актердің кімді сомдап тұрғаны елді қызықтырып отыр. Сонымен сөзіміз анық болу үшін сіз өзіңіз де бір көз жүгіртіңіз. Бәлкім ойыңыз басқа.

М. Ақан