18 жасында әлемді мойындатқан әнші кім?

18 жасында әлемді мойындатқан әнші кім?
Фото: 2ch.hk

Қазір дауысы бардың бәрі әнші дейтін ұғым қалыптасты. Бірақ шынайы дарын иелері өздері-ақ сүт бетіне шыққан қаймақ секілді іркіліп көрінеді. Солардың бірі әрі бірегейі – алтын дауыс иесі, филиппиндік 25 жасар әнші Чармейн Кларис Релусио Пемпенгко.

Ол 1992 жылы 10 мамырда Филиппин жерінде дүниеге келген. Әлемдік сахнадағы лақап аты – Чарис. 14 жасынан бастап Youtube желісі арқылы таныла бастаған әншіге әлем әншілері қызыға әрі сүйсіне қарап, дауысына үлкен баға берген.

2010 жылы 18 жасында алғаш әлемдік сахнаға көтерілген Чарис өзінің «Charice» атты альбомын жарыққа шығарды. Аталған альбом әлемнің ең үздік ондығына кірді. Ал бұл бүкіл ән тарихындағы азиаттық қыздың ең бірінші болып ондыққа енуі.

Поп, R&B, Соул жанрларында ән орындайтын Чаристің беделін аспаннан бір-ақ шығарған ән – All by Myself.  Оны осы әнді орындау шеберлігі үшін әлем әншілері Super Junior, Кюхенм, Опра Унфри «Әлемдегі ең ерекше дауыс иесі» деп баға берген.

«All by Myself» әнін ең алғаш орындаушы – Celine Dion. Ал Чарис болса бұл әнді әншінің өзінен үш есеге жоғары әрі керемет орындаған. Көз жеткізу үшін төмендегі видеоға назар салыңыз.

Жалпы ерекше дауыс иелері тек шет елдің еншісінде ғана емес, отандық әншілеріміз де осы қатарда бар. Солардың бірі Чаристің  орындауындағы «All by Myself» әнін өз нақышына келтіріп салған, КешYou тобының әншісі – Балжан Бидаш.  1995 жылы дүниеге келген Балжан Бидаш та өзінің дауысымен көзге түскен әнші. Оның орындауғындағы «All by Myself» әнін ұсынамыз.

М. Ақан