Астанада Ұлықпан Жолдасовтың тосын сыйға толы кеші өтті

Астанада Ұлықпан Жолдасовтың тосын сыйға толы кеші өтті
Фото: http://lukpanzholdasov.com

Астанада Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Ұлықпан Жолдасовтың жеке шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Массагет тілшісі. Концерт Мәдениет басқармасының қолдауымен ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ұйымдастырылды. 

Ұлықпан Жолдасов "Табиғатым махаббатым" атты шығармашылық кешінде халыққа танымал әндерін орындады. Ел аузынан түспейтін әндердің авторы жаңа әндерінің тұсауын кесті. Кештің тосын сыйы әрі құрметті қонақтары ретінде Димаш Құдайберген мен Арменияның жұлдызы, 2005 жылы Би-би-си рейтингі бойынша "Әлемдегі ең жас танымал әнші" атағын жеңіп алған Сильва Акобян өнер көрсетті. Әсіресе Димашты көрген халықтың қуанышында шек болған жоқ. Қанат пен Света Айтбаевтар, Фарида Жолдасова, Иса Әлимұсаев секілді әншілер кештің көркін қыздыра түсті.  

М. Оңғарова