Сүйікті әндерден жасалған сусын

Сүйікті әндерден жасалған сусын
Фото: vk.com

Nomlab аталатын жапониялық компания музыканың дәмін татып көруге мүмкіндік беретін құрылғы ойлап тапты. Squeeze Music аппараты кез келген әннің эмоциялық күйін анықтап, сол деректерге байланысты ерекше сусын дайындайды.

Егер композиция көңілді болса, коктейль өте тәтті болып шығады. Сезім түбіне бойлататын туындылардан тұзды сусын жасалса, романтикалық әндерден дәмі тіл үйіретін музыкалық коктейль пайда болады. Депрессивті әндерден ащы сусындар шығады.

Мысалы, Димаш Құдайбергенов өнеріне табынушы жандар үшін Squeeze Music құрылғысы дәмі тіл үйіретін коктейль жасаса, МузАрт әндерін ұнататындар романтика мен махаббатқа қанық шырын алары анық. 

А. Оралқызы