Димаш "Славян базары 2017" байқауының жабылу салтанатында ән шырқады

Осыдан 2 жыл бұрын эстрада әндері орындаушыларының XXIV халықаралық Славян базары – 2015" байқауында Гран-При иеленген талантты әнші Димаш Құдайберген биылғы байқаудың жабылу салтанатының құрметті қонағы болды.

Кеш қонақтары ретінде Валерий Меладзе, Татьяна Буланова, Глеб Матвейчук, Сосо Павлиашвили, Егор Крид және т.б. танымал әншілер өнер көрсетті.

Ол кешке арнайы шақырту алып, "Adagio" әнін шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. 

Айта кетейік, биылғы байқаудың бас жүлдесі төрешілердің шешімімен ешкімге бұйырмады. Ал, эстрада әндері орындаушыларының арасында 1-орынды  Украинадан келген әнші Влад Сытник ($15 мың) алды. Жүлделі 2-орынды  белорусиялық Егор Шаранков ($10 мың) иеленсе, 3-орынды Сербиядан келген қонақ Невена Божович ($5 мың) алды. 

Бөлісу: