ВВС Димаш туралы хабар жасауға ниетті

ВВС Димаш туралы хабар жасауға ниетті
Фото: vk.com

Әлемнің алтын дауысына айналған қазақ елінің мақтанышы, талантты әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген енді Еуропаны таң қалдыруы мүмкін. Әлемге танымал ВВС арнасы отандасымыз туралы ТелеРадиохабар жасауға ниетті екенін жеткізді. Бұл жөнінде белгілі журналист Махат Садық өзінің фэйсбуктегі парақшасына жазды. 

"БиБиСи - дегі дос-әріптестер хабарласты. Димаш туралы ТелеРадиохабар жасамақ. Димаш Қазақстанның қай жерінде гастрольде болса, сол жерге Лондоннан командамызбен ұшып келеміз дейді. 2016 жылы сол шетелдік дос-әріптестер қолғабысымен Димаш орындауындағы әнді, Қазақ радиосы атынан Азия-Тыңық мұхит елдерінің 2000 радиостанцияларының эфиріне қойғызғанбыз. 2017 жылы Димаш Қытайды жарды. 2017-де БиБиСи Димаш туралы ТелеРадио фильм жасаса, 2018-де Димаш Европаны дүр еткізер деген ырым ғой. БиБиСи продюсерінің телефонын Димаштың продюсеріне табыстадық", – дейді ол. 

Естеріңізге сала кетелік, өткен айда Димаштың Астана қаласында "Бастау" атты жеке шығармашылық кеші өтті. Концерт алдында ол еліміздегі танымал бағдарламалардың бірі "Түнгі студияға" келіп, сұхбат берді. 

Ж. Жұмағұлов