Жаңа музыкалық аспап ойлап табылды

Жаңа музыкалық аспап ойлап табылды
Фото: vk.com

Корольдік өнер колледжінің түлегі Мари Трико адам терісінен шыққан музыкадан туынды жазатын жаңа аспап ойлап тапты. Тouché деп аталатын құрылғы 8 колонкадан тұрады және оны басқаруға арналған диджейлік пульті бар. Пультті пайдалана отырып колонкалардан шығатын діріл күшін және жиілігін арттыруға болады.

«Touché музыкалық аспабы көпшілік айтып жатқандай дыбысты транформациялауға ғана арналмаған. Ол, ең алдымен, жанасу кезінде орын алатын тері сезімталдығын зерттеу және аса талғампаз тыңдармандар мен нағыз музыканттарға арналған аспап», - дейді идея авторы.

А. Оралқызы