Димаш Нанкин қаласында өткен концертте өнер көрсетті

Димаш Нанкин қаласында өткен концертте өнер көрсетті
Фото: vk.com

Кеше миллиондарды мойындата білген талантты әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген Қытайдың Нанкин қаласында өткен концертте тікелей эфирде өнер көрсетті, деп хабарлайды Массагет тілшісі. Бұл кеште ол "Көркемім", "Күзгі мұң", "Battle of Memories" әндерін орындап, сағынған жанкүйерлердің ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді. 

Кеште Димаштың мыңдаған жанкүйерлері сүйікті әншілерімен қосыла шырқады. Əншіге əдеттегідей Dears жанкүйерлері қызу қолдау көрсетті. 

Димаштың сахналық киімі де өзгеше болды. Сахнаның қызыл тондағы жарықпен безендірілуі Димаштың көрсеткен өнеріне əр қосты.

Естеріңізге сала кетейік, отанадасымыз Астанадағы "Бастау" жеке шығармашылық кешін өткізгесін, Нанкинге ұшқан болатын. Димаштың естен кетпес керемет әсер сыйлаған "Бастау" атты концертіне 30 мыңнан астам көрермен жиналды. Бес бөлімнен тұратын ән кешінде Димаш төрт тілде ән шырқады.

Ж. Жұмағұлов