The Beatles тобының гитарисі жазған тың туынды табылды

The Beatles тобының гитарисі жазған тың туынды табылды
Фото: vk.com

The Beatles тобының гитарисі Джордж Харрисонның бұрын-соңды белгісіз болған тың туындысы табылды. Жазбаны музыканттың жұбайы Оливия Харрисон жазбалар арасынан тауып алған. Фортепианоға арналған орындықтың ішінен Hey Ringo аталатын ноталар қалташасы бар болып шықты. 

Бұл қазыналы қалташадағы туындыларынан Харрисон The Beatles тобының ыдырағанын көңіліне жақын қабылдағаны көрінеді. Әнді музыкант The Beatles тобының барабаншысы Ринго Старға арнаған. Өлеңде мынадай жолдар бар: "Эй, Ринго, сенсіз менің гитарам тым баяу ойнайды", "Мен дәл сендей барабаншыны ешқашан білмегенмін". 

Жаңа өлеңдер музыкант өміріне арналған биографиялық кітапқа енгізіледі. I Me Mine кітабына, сондай-ақ, отбасылық фотографиялар, қолжазбалар мен бұрын басылымға шықпаған сұхбаттар жарияланады. 

А. Оралқызы