Ғасыр әні анықталды

 Ғасыр әні анықталды
Фото: vk.com

Imagine there's no countries,
It isn’t hard to do,
Nothing to kill or die for,
No religion too,
Imagine all the people
living life in peace... 

АҚШ Ұлттық музыкалық ассоциациясы мүшелерінің кезекті кездесуінде өткен жүзжылдықтың әні анықталды. «Ғасыр әні» ретінде белгілі Beatles тобының мүшесі Джон Леннонның барша ғаламға танымал «Imagine» әні танылды. 

Шарада тағы бір күтпеген жағдай орын алды. Адамзаттың жарқын болашағына деген ақ сенімге тұнық әннің авторы ретінде осы күнге дейін тек Леннонның өзі ғана танылып келген. Музыканттың жұбайы Йоко Ононың қосқан үлесі еленбеген болатын. Ассоцияция жиынында көрсетілген мұрағаттық видео-сұхбат кезінде биттл әннің авторы өзі ғана емес, сондай-ақ, Йоко Оно да екенін атап өтеді. «Ол кезде мен тым өзімшіл едім, сол себепті Ононың «Imagine» әніне қосқан үлесін мойындамадым»,- деді музыкант. 

Естеріңізге сала кетейік, «Imagine» тыңдарманға 1971 жылы жол тартқан болатын. Аталған ән Rolling Stone журналының нұсқасы бойынша 500 ұлы ән рейтингінде үшінші орында тұрақтаған.

А. Оралқызы