Қайрат Нұртас Ресейге таныла бастады

Қайрат Нұртас Ресейге таныла бастады
Фото: vk.com

Қайрат Нұртас Ресейде өтетін дәстүрлі "Муз-ТВ" жүлдесінің марапаттау шарасына құрметті қонақ ретінде шақырылды, деп хабарлайды Massaget.kz. Ол Ресейдің атақты жұлдыздарымен бірге қызыл кілеммен жүріп өтті. 

Дмитрий Нагиев Қайрат Нұртас жайлы "Нюшамен дуэт айту арқылы таныла бастады", - деді. Қайраттың өзі инстаграмдағы парақшасына салтанатты кештен бірнеше сурет жүктеген. 

Муз-ТВ телеарнасының жүлдесі – Ресей шоу-бизнесіндегі ең беделді сыйлықтардың бірі. Телеарнаның бас директоры – Арман Дәулетияров. 

М. Оңғарова