Желіге Димаштың жеке концертіне дайындалып жатқан суреттері тарады

Желіге Димаштың жеке концертіне дайындалып жатқан суреттері тарады
Фото: vk.com

Бүгінде әлем әншісіне айналып үлгерген отандасымыз, талантты әнші Димаш Құдайберген EXPO-2017 көрмесі аясында өтетін "Бастау" жеке шығармашылық концертіне қызу дайындыққа кірісіп кетті. Ол кеше ғана елге (Астанаға) оралды. Бір топ отандық жанкүйер ерекше ықыласпен әншіні әуежайдан күтіп алды.

Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваның айтуынша, Димаш Құдайберген өзінің репертуарын жаңартып жатыр. "Концертке бір ай уақыт қалды. Димаштың жүрекке жақын әндерді орындайтынын білеміз. Соның бәрін жеке концертінде тыңдай аласыздар. Жалпы оған репертуарды үнемі жаңартып отыру қажет. Ол шығармашылық үшін, әнші ретінде өсу үшін керек", - деді А. Мұсақожаева журналистерге берген сұxбатында.

Желіге Димаштың  дайындалып жатқан суреттері тарады. Университет басшысы шоу-концертке қытайлық әншілер де келуі мүмкін екенін айтты. Әзірге нақты емес. Бүгінде билеттердің тең жартысы сатылып кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін «2017 MTV Global Chinese Music Awards» шарасының 2 номинациясынан үмітті. Осыған дейін әнші Қытайда жүріп төрт бірдей жүлдені жеңіп алған еді. 

Ж. Жұмағұлов