Оқи отырыңыз

Қазақ кедейлікке көмбіс, байлыққа шыдамайды екен.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Oki Dub Ainu Band тобы жапониялық жұмбақ мәдениетке бойлауға шақырады

Oki Dub Ainu Band тобы жапониялық жұмбақ мәдениетке бойлауға шақырады

Oki Dub Ainu Band тобы жапониялық жұмбақ мәдениетке бойлауға шақырады

Tengri FM радиостанциясы бекіткен The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалінің қатысушылары Алматыға келе бастады,– деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Республика сарайы алаңында ұжымдардың саундчектері өтеді. Tengri FM мен Жұлдыз FM радиостанциясының жұма күнгі эфирінде сағат 11.00-20.00 аралығында Huun Huur Tu (Тыва), Oki Dub Ainu (Жапония), Shono Band (Бурятия), Marga muzika (Литва) және Dudu Tassa & The Kuwaitis (Израиль) орындаушыларының әндерін тыңдауға болады.

The Spirit of Tengri фестивалінде алғаш рет өнер көрсететін Жапонияның Oki Dub Ainu Band этникалық тобының негізін қалаушы Оки Кан қазақстандықтарды айна халқының мәдениетімен таныстырғысы келетінін және ішекті аспап – тонкоримен ән орындағысы келетінін айтты. Тонкори – айна халқының ежелгі аспабы. Бірақ 1970 жылдарға қарай әлемде осы аспапта ойнайтын ешкім қалмаған. Тонкориде орындалған әндердің домбыра мен жетігенде орындалған әндермен ұқсастығын көруге болады. "Мен тонкориде орындалған әнді бүкіл әлемнің естігенін қалаймын, оның қайта жоқ болып кетпегенін, керісінше, айна халқының мәдениетін жаңартқым келеді", - деді Оки Кан. Осылайша, Оки Кан барлық қазақстандықты айна халқының мәдениетімен танысуға және олардың әндеріне билеп қайтуға шақырады.

Биыл фестивальге үшінші рет башқұрстаннан Екатерина Ямщикова қатысады. Ол 2015 жылы "Арғымак" этникалық тобымен арнайы қонақ болып келді, былтыр ол өзінің ұжымы – "Катя Ямщикова" фольк-жобасымен өнер көрсетті. Ал биыл ұжымның репертуарындағы әндер көбейген, жаңа альбомға үш ән жазылып, біреуіне бейнебаян түсірілген.

Екатерина Ямщикованың айтуынша, The Spirit of Tengri мерейтойлық фестивалінде олар көне орыс тіліндегі халық әндерін орындайды. "Біз биыл алға ұмтылу үшін өзгерістер енгіздік. Жаңа композициялар мен жаңа аранжировкалар. Жаңа әндер, әрине, биыл фестивальде орындалатын болады. Алматылықтар барлық әртістің, оның ішінде біздің де шығармашылығымызды жақсы қабылдайды деп ойлаймын. Меніңше, алматылықтар өте жақсы әрі адал көрермендер",– деді әнші.

Оның айтуынша, The Spirit of Tengri фестивалі көрермендер мен фестиваль қатысушыларына ерекше жақсы эмоциялар береді. "Себебі мұндай ірі іс-шараға біз ұзақ уақыт дайындаламыз, көрермендер де әртістермен көрісетін сәтті ұзақ күтетін шығар. Фестивальде өзара тәжірибе алмасуға болады. Музыканттар да мұнда көрермендерді мәдениетімен таныстыруға келеді. Фестиваль – ең біріншіден мәдениет алмасу, сондай-ақ, эмоцияларды бөлісу. Меніңше, жақсы көңіл-күйде боламыз",– деді Ямщикова.

Екатерина Ямщикованың айтуынша, былтыр көрермендер музыканттарға жақсы қолдау көрсетті. "Былтыр біздің арамызда өзара бір байланыс пайда болды. Меніңше, біз бір-бірімізге ұзақ уақытқа күш бердік", - деді музыкант.

Қазіргі заманғы этникалық музыканың Қазақстандағы тұңғыш халықаралық фестивалі - The Spirit of Tengri 2013 жылдың 8 маусымында бірінші рет өткен болатын. Оған 11 музыкалық ұжым қатысты. Арасында "Алдаспан", Hapanasasa топтары мен Найя, Қорлан сияқты орындаушылар болды. Фестивальді рок-сахнаның отандық ардагері - "Роксонаки" тобы ашты. Ал былтыр фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатыcқан еді. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тыва), DJ Rizzo (АҚШ), "Арғымақ" (Башқұртстан), Екатерина Ямщикова (Башқұртстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) және Sintas (Қытай), "Барабаны Алматы" жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары.

Фестивальдің бас серіктесі - Kaspi.kz. The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда open-air форматында Абай атындағы Республика сарайында 20-21 мамырда өтеді. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Фестивальге техникалық қолдауды KZ Sound компаниясы көрсетеді. Кіру тегін.

283 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: kaz.tengrinews.kz
Қосылған күні: 19 мамыр, 18:01
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...