Даңғара - қазақтың ұрмалы музыкалық аспабы

Даңғара - қазақтың ұрмалы музыкалық аспабы

Қазақ халқының көне ұрмалы музыкалық аспабы – даңғара. Аспап дауылпаз, керней, дабыл сияқты тұрмыста кеңінен пайдаланылған. Даңғара аспабының үні жаугершілік кезінде сарбаздарды жинап, сапқа тұрғызуға, ұрандатуға, шайқасты тоқтатуға бағытталған. Аспап бақсылардың ішінде қобыз сияқты кеңінен таралған. Даңғараның дыбысының емдік қасиетке бай, ол адам бойындағы жағымсыз күштерді шығарады.


Даңғара аспабының шанағы қарағай ағашынан жасалады. Сыртқы жағы ешкі терісімен қапталады. Ішкі жағына шығыршық, қоңырау, шынжыр, сылдырмақ тағылады. Қосымша дыбыстық реңк беру үшін аспаптың бетіне ішек тартқан.


Даңғараның көлемі қолданылуына байланысты әр түрлі болады. Бақсылар көбіне көлемі 1-1,5 метрге, ал әскербасылар 2-2,5 метрге дейін жететін даңғараны қолданған.

Даңғара аспабына ұқсас аспаптар өзге елдерде де кездеседі. Ол ұйғыр халқында «дап», қалмақтарда «дунгурга», чуваш халқында «хангрма», өзбектерде «дойра» деп аталады.

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған

Ғ. Ұзақ