Димаш "Кел, менімен бірге ән шырқа!" бағдарламасында өнер көрсетті

Димаш "Кел, менімен бірге ән шырқа!" бағдарламасында өнер көрсетті
Фото: vk.com

Бүгінде миллиондаған жанкүйерлердің жүрегінен орын алып үлгерген отандасымыз, талантты әнші Димаш Құдайберген Hunan TV арнасынан "Кел, менімен бірге ән шырқа!" бағдарламасында ән шырқады, - деп хабарлайды Массагет тілшісі.

Ол бұл туралы жуырда инстаграм желісінде мәлім еткен еді. Бағдарлама барысында әнші қытайлық әншімен бірге "The Autumn" және "S.O.S. D'un Terrien En Detresse" әндерін дуэт боп орындады.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Францияның "Les Annees Bonheur" бағдарламасында ән шырқады. Сонымен бірге ол бұл айда Қытайда өтетін бірнеше бағдарламаға қатысады. Туған қаласы Ақтөбеде Димаш атындағы бақ ашылды. 

Ж. Жұмағұлов