Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Досы Димашты тек ана тілінде сөйлегені үшін сынағандарға жауап берді

Досы Димашты тек ана тілінде сөйлегені үшін сынағандарға жауап берді

Досы Димашты тек ана тілінде сөйлегені үшін сынағандарға жауап берді

Димаштың досы әрі PR-менеджері Алпамыс Шәрімов әншінің гонорары туралы тараған қауесетке нүкте қойды. Сондай-ақ, Алпамыс "Димаш орысша білмегендіктен тек қазақша сөйлейді" деп сынайтындарға өз жауабын берді. Бұл туралы ол 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына берген сұхбатында айтып, Димаштың тойдан алатын гонорарының аспанға шарықтап кеткенін жоққа шығарды.

"Той ұйымдастырушылары, басқа да адамдар біз үшін ойлап қойыпты. Димаштың тойға шығуға уақыты да, мүмкіндігі де жоқ. Жұмыс кестесі өте тығыз… Димаштың гонорары туралы айтып жатқан адамдарды түсінбейміз және бұл сұрақтарға жауап бере алмаймыз. Себебі өзіміз білмейміз, өзіміз ойланған жоқпыз", – деген Алпамыс Шәрімов Димаштың алдағы уақытта тойға шықпайтынын айтты. Себебі оның алдағы жұмыс кестесі бір жылға жоспарланып қойыпты.

Бұдан бөлек, Алпамыс Димашты тек ана тілінде сөйлегені үшін сынағандарға жауап берді. "Димаш – Қазақстанда дүниеге келген қазақ ұлтының баласы. Ол өз елінің тілін, мәртебесін, туын биікке көтеремін деген ұл болмаса қазақ тілінде ән айтпас еді, 100 пайыз қазақ тілінде сұхбат бермес еді. Кей жерлерде "Димаш басқа тілді білмегендіктен тек қазақ тілінде сөйлейді" деп жазып жатыр екен. Олай емес. Димаштың орысшасы өте керемет. Ағылшын тілінде 100 пайыз жақсы сөйлейді дей алмаймын, бірақ өз ойын жеткізе алады және түсінеді. Бірақ Димаштың қазақ тілінде сөйлеуі, қазақтың киімімен шығып, Құрманғазының "Адай" күйін орындауы, "Дайдидауды" орындауы, жүрген жерінде барлық фанатына қазақ тілін үйретуі, "Абай жолын", қазақ ақындарының өлеңдерінің насихаттауы – қазақ ұлтын сүйетінінің белгісі. Осыны көріп тұрып, сұрақ қоятын адам болса, онда ол кісінің өзінен сұрау керек шығар", – деп түсіндірді Алпамыс.

Әншінің PR-директоры Димаштың алдағы жоспарларымен бөлісті. "Ол, әрине, әрі қарай да әлемге қазақ әнін паш етуге дайын. Еуропаға, АҚШ-қа көптеген шақырту түсіп жатыр. Майкл Джексон Америкада дүниеге келсе де, ол әлем үшін жаралған музыкант. Ол Америкада туылған деп ешкім айтпайды. Өзім ойлаймын, әрине, Димаш – қазақ әншісі, ол қазақша сөйлейді, қазақша ән айтады, бірақ ол әлем әншісі. Оны қызғанатын болсаңыздар, басқа планеталардан қызғаныңыздар. Жерге келген Димаштың миссиясы бар сияқты. Ол миссиясы – әлемді музыкасымен тербеу, әлемге музыкасын таныту. Сіздер Димаштың музыкасының 20-30 пайызын тыңдадыңыздар. Бірақ оның әлі айтатыны бар", – деп сөзін түйіндеді.

0
Рейтинг: +4

Фото: instagram.com
Қосылған күні: 26 сәуір 2017, 06:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.