Финалда Димаштың микрофоны үзіліп, дауысы бәсеңдеп қалған

Финалда Димаштың микрофоны үзіліп, дауысы бәсеңдеп қалған
Фото: vk.com

Қытайлық Хунань телеарнасының «Singer 2017» ән байқауының ақтық бәсекесінде микрофон үзіліп, Димаштың дауысы бәсеңдеп қалды, деп Қытайдың www.hsbaodi.com сайтына сілтеме жасап, Қазақпарат хабарлады.

Интернет қолданушыларының айтуынша, әнді айтып келе жатқан Димаштың дауысы соңына қарай мүлдем бәсеңдеп кеткен. Жұптық өнер көрсету барысында тек Димаштың жұбы Шаң Венженің дауысы ғана естілгенін айтады жанкүйерлер. «Сонымен қатар, тағы бір қытай әншісі Джаң Бичын де ән айтып келе жатып, ортасына келгенде микрофоннан ақау шығып, дауысы мүлдем естілмей қалды. Осылайша, әнші микрофонды жақындатып айтуға тырысты. Интернет қолданушыларының болжамы бойынша, Джаң Бичын сахнаға шығып ән айтып жатқан кезде, микрофоннан ақау шыққанын сезіп, микрофонға жақындау арқылы өзінің дауысын көтермек болған. Екеуі де айтарлықтай танымал әрі мықты әншілер, сахнада микрофоннан ақау туындағанына қарамастан, олар жақсы өнер көрсете алды. Соңында Димаш екінші орынға ие болып, Джаң Бичын алтыншы орын алды. Бұл айтарлықтай жақсы нәтиже», - деп жазады Қытай сайты.

Ж. Жұмағұлов