Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / ҚазҰӨУ Димашты қолдау мақсатында шара ұйымдастырды

ҚазҰӨУ Димашты қолдау мақсатында шара ұйымдастырды

ҚазҰӨУ Димашты қолдау мақсатында шара ұйымдастырды

Қытайдағы "I am singer" жобасы басталғалы бәрі барша қазақ жұртшылығы тақымын қысып, отандастарына тілектес болды. Жобаның 1-кезеңінде сәтті өнер көрсеткен Димаш Құдайбергеновтың аты бүкіл әлемге мәшһүр болды. Ол туралы әлемнің бірнеше арналары арнайы бағдарлама дайындады. Француздар таңғалысып, әйгілі әнші Лара Фабианның өзі онымен кездескісі келетінін айтқан еді. 

Ал, Қытайда миллиондаған жанкүйерлер пайда болып, әншінің әр қадамын аңдып бағатын дәрежеге жетті. Бүгінде Димаштың жанкүйерлері "Dears" деген атпен белгілі. Отандасымыз байқаудың барлық кезеңінен сүрінбей өтіп, ақтық сынға жолдама алды. 

ЭКСПО көрмесі аясында атақшы әнші Лара Фабиан Димаш Құдайбергеновпен дуэт орындайды. Қазір әлемдік деңгейдегі әртіспен еліміздің өкілдері келісімшартқа да отырып қойыпты. Бұл туралы өнер саласының шенеуніктері мәлімдеді. Олар бүгін студенттермен бірге "I am singer" байқауына қатысып жатқан отандасымызды қолдау үшін арнайы шара ұйымдастырды.

Майра Ілиясова, Бағдат Сәмединова бастаған танымал әншілер, режиссер Асхат Маемиров, әнші Сембек Жұмағалиев және 200-ге жуық Димаштың жанкүйерлері. Бұл азаматтардың барлығы халық арасында «бұлбұл» атанған отандасымызды қолдау үшін арнайы жиналған.

Жиналғандардың тілегі бір. Ол – Димаштың жеңісі. Барша жиналған жұртшылық  "Дайдидау" әнін қосыла шырқап Димашқа деген ыстық ықыласын білдірді. 

Естеріңізге сала кетейік, Димаш 23 наурыз күні Шаңхай қаласында 24-кезекті «China Top music Awards» шарасында «Азияның ең танымал әншісі» (Best Asia popularsinger) номинациясы бойынша, 9 сәуір күні Шэньчжэнь қаласында өткен «17th Top China Music Awards» шарасында «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» номинациясы бойынша марапатталды. Байқаудың финалы ертең, яғни 15 сәуір күні, Астана уақытымен сағат 22:00-де өтеді. Димаш өзімен бірге ән шырқайтын қытайлық әріптесі Шаң Венжемен Майкл Джексонның әндерін орындайды. 

0
Рейтинг: +0

Фото: vk.com
Қосылған күні: 14 сәуір 2017, 12:04

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->