"Мен әншімін" жобасының финалын "Хабар" арнасынан көріңіз

"Мен әншімін" жобасының финалын "Хабар" арнасынан көріңіз
Фото: vk.com

Отандасымыз Димаш Құдайбергенов Қытайдың "I am singer" тележобасында бақ сынап, барлық кезеңнен сүрінбей өтіп, финалға дейін жеткенінен барша тыңдарман хабардар. Ол өзінің биік өнерімен миллиондаған қалың көпшіліктің жүрегін жаулап алды. Бүгінде Димаш десе елең етпейтін тыңдарман жоқ. Тіпті ол туралы француздар да бағдарлама арнап, қазақ баласының өнеріне таңданысты. 

Сенбі күні, яғни 15 сәуір отандық "Хабар" телеарнасы қосулы болсын.  Өйткені «Хабар» арнасында көптен күткен "Мен әншімін" халықаралық байқауының финалы көрсетілмек! Бұл барша қалың көрермен көптен күткен жобаның жеңімпазын білетін болады. 

Естеріңізге сала кетейік, Димаш жартылай финалда итальяндық әнші Адриано Челентаноның "Confessa" және "Бесінші элемент" фильміндегі Дива Плавалагунаның ариясын орындап, 2-орын алды. Ол ақтық сында қытайлық жұлдыз Шаң Венжемен (尚雯婕) бірге ән шырқайды.

Ж. Жұмағұлов