Dears Димашты Чунцин әуежайынан күтіп алды

Dears Димашты Чунцин әуежайынан күтіп алды
Фото: vk.com

Есімі бүкіл елдің аузында жүрген талантты әнші, отандасымыз Димаш Құдайбергеновті бүгін мыңдаған жанкүйері (Dears) Қытайдың Чунцин қаласының әуежайынан ерекше қошеметпен күтіп алды. Олар өз әншілерінің грим бөлмесін гүлмен көмкеріп, Димаш деп жазып қойған. Әуежайдағы жанкүйерлердің қарасы көп екенін видеодан байқауға болады. 

Бұл туралы Димаштың өзі шексіз ризашылығын жасырмай инстаграм парақшасына: "Бүгінгі гримеркама осыншама тосын сый жасаған Dears Сіздерге көп раxмет!!! Аэропорттан бастап көрсетілген ыстық ілтипаттарыңыз менің Чунцин қаласына деген естелігімді тек жақсы жағынан қалдыратыны анық! Мына жерде қаншама раушан гүлі бар екенін білмеймін... Бірақ, иісі бар бөлмені жұпарландырып тұр! Раxмет, Dears, жақсы көрем сендерді!!! Ертеңгі ән кешінде кездескенше!!!", - деп жазды. 

Ал, әншінің PR-менеджері Алпамыс Шаримов те өз инстаграмына: "Гримеркаға кірсек осындай тосын сый дайындап қойыпты. Мына жерде қаншама раушан гүлі бар екенін білмейміз! Санап жатып шатастық! Суреттеріміз, көптеген толассыз сыйлықтар, шын ілтипатпен дайындалған грим бөлмесі әртістің расымен де концерт алды көңілін көтеріп тастайды екен. Қай концертке қатысатынын біліп, қай гримерка екенін анықтап және оны тың идеямен дайындаған біздің Dears әлемдегі ең мықты жанкүйерлер емес пе?! Чунцин қаласындағы жанкүйерлерге мың алғыс!!!", - деп разылығын білдірді. 

Естеріңізге сала кетейік, Димаш ертең, 8 сәуір күні Чунцин қаласындағы INMusic концертіне қатысады. Тағы айта кетерлігі, ертең, яғни сенбі күні Hunan TV  арнасы қосулы болсын. Димаш "I am singer" байқауының жартылай финалында Адриано Челентаноның "Confessa" және "Бесінші элемент" фильміндегі Дива Плавалагунаның ариясын орындайды.

Ж. Жұмағұлов