Димаштың қытайлық жанкүйерлері қазақша жазып үйреніп жатыр

Димаштың қытайлық жанкүйерлері қазақша жазып үйреніп жатыр
Фото: vk.com

Қытайлық Dears қазақша жазып үйреніп жатыр. Үш айда қазақ тілін толық үйрену мүмкін емес, сондықтан олар сөздерді Google аудармашы (переводчик) арқылы қазақшаға аударып жазады. Мағынасы түсініксіз болғанмен, қазақшаға қызығушылығы ерекше!

Қазір көптеген шетелдіктер ғаламтормен аударып қазақша жазып жүр, Dears "Димаш сен кереметсің, мәңгі сені қолдаймыз..." деген сөздер қазақша мүлдем білмейтін жанкүйерлердің ұранына айналса, ұмытылмас күн сөзінің қытайшасы Қытайдағы сәнді сөзге айналды.

Тағы айта кетерлігі қазақша #ДимашҚұдайберген деген хэштегті де жаза алатындар бар. Біздіңше, бұрын соңды шетел тарапынан қазақ тіліне деген осынша қызығушылық пен құрмет болмаған.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш байқаудың он кезеңнен тұратын іріктеу бәсекелерін аяқтап, жалпы есепте бірінші болып финалға өтті.  Жартылай финалда ол Адриано Челентано "Confessa" әнін орындады. Түсірілімі кеше өтті. Байқаудың жартылай финалы 8 сәуірде Hunan TV телеарнасынан көрсетіледі. Ал "I am singer" жобасының қазақша нұсқасын басынан бастап 1 сәуірде отандық Хабар телеарнасынан көре аласыздар.

Ж. Жұмағұлов