"Мен әншімін" жобасын Хабар арнасынан көріңіз

Қытайда өтіп жатқан "I am singer" ән байқауы Хабар арнасынан көрсетіледі. Бұл туралы бұған дейін хабарланған еді. Жобаның арнадан қай кезден бастап көрсетілетінін Димаштың PR-менеджері Алпамыс Шаримов истаграм парақшасында мәлімдеді.

Ол "#IamSinger жобасының қазақша нұсқасын басынан бастап 1 сәуірден Хабар @khabartv телеарнасынан көру мүмкіндігіңіз бар! Ең бастысы жобаның финалын тікелей эфирден барлық қазақстандықтар отандық телеарнадан тамашалай алады! #ХАБАР РАҚМЕТ!!!", - деп жазды.

"Мен әншімін" – үздік әншіні анықтайтын музыкалық байқау. Ең алғаш 2013 жылы эфирге шыққан жоба осы жылы 5-рет ұйымдастырылуда.

"Мен әншімін" – Қытай еліндегі ең үздік музыкалық байқаулардың бірі, сондай-ақ «Хунань ТВ» арнасының ең танымал музыкалық шоуы. Сондықтан Қытайда бұл жобаның рейтингі өте жоғары. 

Қазіргі таңда «I am singer» шоуы Канада, Малайзия, Сингапур, Тайланд және Еуропа мемлекеттеріне тарайды. Қытай елінің Хунань аймағында ұйымдастырылған байқауға қатысушылар – әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған танымал жұлдыздар.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш байқаудың он кезеңнен тұратын іріктеу бәсекелерін аяқтап, жалпы есепте бірінші болып финалға өтті. Жартылай финалда ол Адриано Челентано "Confessa" әнін орындайды. Байқаудың жартылай финалы 8 сәуірде Hunan TV теларнасынан көрсетіледі.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты