Димаш Құдайбергенді Беларусь мемлекеті шақырды

Димаш Құдайбергенді Беларусь мемлекеті шақырды
Фото: Informburo.kz

Димаш Құдайбергенге деген қызығушылық күн өткен сайын артып келеді. Беларусьтің БЕЛТА агенттігінің жазуынша, осы жылдың жаз айында өтетін "Витебсктегі Славян базары – 2017" халықаралық байқауының жабылу салтанатына Димаш Құдайберген шақырылған. "Ал концерттің жабылу салтанатына байқаудың 2015 жылғы Гран-При иегері, бүгінде өз Отаны – Қазақстанда ғана емес, Қытайға да I am a singer ТВ жобасы арқылы танылған Димаш Құдайберген келеді деп күтілуде", – деп жазады агенттік. Агенттіктің ақпаратына сүйенсек, Димаш Витебскке 17 шілде күні келеді.

Димаш "Славян базары – 2015" байқауындағы жеңісінен кейін еліміздің мақтанышына айналды. Отандасымыз байқаудың бірінші күнінде-ақ көш бастап, қазылар алқасының ең жоғары бағасына ие болған еді. Димашты қазылар алқасының мүшелері "ешбір байқаудың шеңберіне сыймайтын сирек дарын иесі" деп бағалады. 

М. Оңғарова