Димаш Қытайдың "Happy Camp" шоу бағдарламасына қатысты

Димаш Қытайдың "Happy Camp" шоу бағдарламасына қатысты
Фото: vk.com

Миллиондаған тыңдармандардың жүрегін жаулап үлгерген отандасымыз, талантты жас әнші Димаш Құдайбергенов Қытайдың  "Happy Camp" шоу бағдарламасына қатысты. Бағдарлама 18 наурыз күні Қытай телеарналарынан көрсетіледі деп күтілуде. 

"Happy Camp" бағдарламасы 1997 жылдан бері эфирге шығып келеді. Негізгі аудиториясы – жастар. Қытайда ерекше танымал болған бағдарламада Димаш өзге де қатысушылармен бірге әртүрлі танымдық ойын ойнап, Селин Дионның "All by Myself" және Бибігүл Төлегенованың ән қоржынынан "Бұлбұл" әнін орындап, көреремендердің ыстық ықыласына бөленді. 

Естеріңізге сала кетейік, Димаш "I am singer" ән байқауының 9-кезеңінде Селин Дионның "All by Myself" әнін орындап, 2-орын иеленді. 9-кезең, ертең, яғни 18 наурыз күні эфирден көрсетіледі. Ал, аталған байқаудың 10-кезеңінде 3 орын алып, финалға өтті. Бұл кезеңде ол О.Байсеңгірдің сөзіне жазылған өзінің "Ұмытылмас күн" әнін орындады.

Ж. Жұмағұлов