Димаштың қай әншімен дуэт айтқанын қалайсыз?

Димаштың қай әншімен дуэт айтқанын қалайсыз?
Фото: vk.com

Отандасымыз бақ сынап жатқан "I am а singer" ән байқауы соңына да таяп қалды. Финалдық кезеңге дейін 1 кезең қалды. Өздеріңізге мәлім болғандай соңғы кезең (10-кезең) мен финалдық кезеңнің арасында BREAKOUT туры өтеді. Бұл турда алғашқы кезеңдерде жарыстан шыққан және негізгі құрамда болмаған барлық қатысушы өнер көрсетеді.

Финал екі кезеңнен тұрады: 

1-кезеңде қатысушы бір жұлдызбен дуэт боп ән айтады. Осы кезең бойынша 3 үздік қатысушы келесі 2-кезеңге өтеді. Финалистер жеке дара бір ән орындайды. Жеңімпазды көрермен таңдайды. 

Бүгінгі таңда Димаштың барша тыңдарманы (dears) түрлі әлеуметтік желіде осы мәселені талқылау үстінде. Әнші осыған дейін мына әншілермен дуэт айтты:

1. Майра Мұхамедқызы 

2. Сүндет Байғожин 

3. Нағима Есқалиева 

4. Зарина Алтынбаева 

5. Әлішер Кәрімов 

6. Светлана Айтбаева 

Жанкүйерлер байқаудың Қытай елінде өтіп жатқандығын ескеріп, қытайлық әншілерді ұсынып көрді. Олар: 

7. Han Lei – "I am a singer " ән байқауының 2-маусымының жеңімпазы

8. Han Hong – "I am a singer " ән байқауының 3-маусымының жеңімпазы

9. Coco Lee – "I am a singer " ән байқауының 4-маусымының жеңімпазы

10. Арай Айдархан – Қытайдағы қазақ әншісі

11. Jane Zhang – Қытайлық танымал әнші

Сонымен бірге, көпшілік асыға күтіп, армандап жүрген француз әншісі

12. Лара Фабиан

Біз шама-шарқымызша бір топ әншінің тізімін жасап көрдік. Өз ұсынысыңызды айтып, пікір қалдырыңыз!

Естеріңізге сала кетейік, Димаш байқаудың 9-кезеңінде әлемдік хит «All by Myself» әнін орындап, 2-орынды иеленді.

Ж. Жұмағұлов