Димаш 8-кезеңде Хан Хонгтың "Таң атты" әнін орындады

Димаш  8-кезеңде Хан Хонгтың "Таң атты" әнін орындады
Фото: vk.com

Қалың көпшіліктің асыға күтетін бағдарламасына айналған Қытайдағы "I am singer" тележобасында бақ сынап, ерекше өнерімен тыңдармандар жүрегін жаулап үлгерген отандасымыз Димаш Құдайбергенов бауқаудың 8-кезеңінде  Хан Хонгтың "Таң атты" әнін орындап, 5 орын алды. Жанкүйерлер сөзіне сенсек, әнші сырқаттанып қалғандықтан, өзін жайсыз сезінген. Ауырып тұрса да Димаш сәтті өнер көрсетті. 

Димаштың орындауын көре отырыңыздар:

Естеріңізге сала кетейік, Димаш байқаудың 9-кезеңінде америкалық Эрик Карменнің 1975 жылғы туындысы «All by Myself» әнін орындап, 2 орынды иеленді.

Ж. Жұмағұлов