Димаштың видеосы рекордтық көрілім жинады

Димаштың видеосы рекордтық көрілім жинады
Фото: vk.com

Бүгінгі таңда талантты жас әнші, отандасымыз Димаш Құдайбергенов миллиардтаған тыңдармандардың назарында. Димаш "I am singer" ән байқауының финалына да таяп қалды. Күні кеше ғана Димаш Қытайдың "I am singer" жобасының бас демеушісі қытайлық Jin Dian сүт компаниясының кезекті шоу концертінде өнер көрсетті. 

Димаштың жанкүйерлері концерт барысында 37 миллион лайк және 80 мыңнан аса пікір қалдырған. Ал, шоу біткен бойда пікір саны 92 мыңға, лайк саны 52,4 миллионға жеткен. Барлығы "5240 for Dimash" хэштегімен пікір қалдырған. Бұл белгінің себебін олар Димаштың туған күнімен (24 мамыр) байланыстырады.

Димаштың кешегі өнер көрсетеуін көре отырыңыздар!

"SOS d'un terrien en détresse"

"Autumn strong"

Ж. Жұмағұлов