Димаштың жанкүйерлері виза ашып, Қазақстанға ұшып келді

Димаштың жанкүйерлері виза ашып, Қазақстанға ұшып келді

Димаш Құдайбергеновтың қытайлық жанкүйерлері күннен-күнге таңғалдыруда. Оған әлеуметтік желідегі түрлі видео дәлел бола алады. Сонымен бірге олар әншіге түрлі сыйлық ұсынудан жалыққан емес. 

Әншінің PR-менеджері Алпамыс Шәрімов бүгін өзінің инстаграмдағы парақшасына осы турасында мәлімдеме жасады. Ол: "Димаштың @kudaibergenov.dimash жанкүйерлері күннен-күнге таңғалдыруларын қоймайды. Расымен, мақтанға салынбайықшы деп, көп тосын сыйларды жариялай бермейміз. Бірақ, бүгінгісі ерекше! Қытай фанаттары арнайы Қазақстанды зерттеп, виза ашып, елімізге барыпты. Димаштың қарны ашып қалмасын деп, қазақ ұлттық тағамдарын дайындап бүгінгі түскі аста бізді таңғалдырды. Қазы-қарта, тары-талқан, құрт-май, жеміс-жидек бәрі бар! Жырақта жүрген жан үшін бұл тағамдардың орны ерекше екені сөзсіз! Қорап-қорап сыйлық. Әлі ашып та үлгермей жатырмыз! Барлығы әншісіне деген ниеті ғой жанкүйерлердің. 

Жалпы, Димашқа арналған фан-топтар көп. Бұл #DimashSisters яғни "Димаштың қарындастары" атты фан топтың сыйлығы. Қиялдарында шек жоқ қой шіркін!? Қандай керемет!.. Димаштың атынан барша #DimashSister фан тобының қыздарына алғыс білдіремін! Бүгін біз расымен де ауылға барып қайтқандай болдық!!! Рақмет, Dears!" – деп жазды. 

Расында да, бұл – әнші үшін керемет сыйлық. Отанын, елін сағынып жүрген Димашқа үлкен сенім мен күш береді деп ойлаймыз. Естеріңізге сала кетейік, Димаш "I am singer" ән байқауының 8-кезеңінде Хан Хунның "Таң атты" әнін орындап, 5-орын алды. Бүгін байқаудың 9-кезеңінің түсірілімі өтуде. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы