Әлемнің ең ұлы гитаристерінің бірі Дэвид Гилмор бүгін 71 жасқа толды

Әлемнің ең ұлы гитаристерінің бірі Дэвид Гилмор бүгін 71 жасқа толды
Фото: www.lifehack.org

Бүгін – атақты Pink Floyd тобының негізін қалаушылардың бірі, британдық композитор, гитарист, вокалист Дэвид Джон Гилмордың туған күні.

Даңқы жер жарған Pink Floyd тобындағы музыкалық мансабынан бөлек, Гилмор көптеген белгілі ән орындаушылардың рекорд-продюсері қызметін атқарған. Сондай-ақ, Дэвид Гилмор жеке орындаушы ретінде де үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Музыкант шығармашылық өмірінің барлық кезеңінде қайырымдылықпен айналысқан.  Ол 2003 жылы Британ империясы орденінің Командор шеніне лайықты деп танылды. Оған қоса, Q Awards 2008 марапаттау рәсімінде «Музыка өнеріне сіңірген еңбегі үшін» марапатталды.

Гилмор 2011 жылы Rolling Stone журналының «100 ең үздік гитарист» номинациясының тізімінде 14-ші сатыдан бой көрсетті. Ал, 2009 жылы Classic Rock аталатын британ журналы Гилморды “Әлемнің ең ұлы гитаристері” қатарына қосты. 

А. Оралқызы