Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / «Қара пима» - талайдың жанарына жас ұялатқан ән

«Қара пима» - талайдың жанарына жас ұялатқан ән

«Қара пима» - талайдың жанарына жас ұялатқан ән

Белгілі әнші Алма Аманжолованың «Қара пима» әнін естімеген жан жоқ шығар, сірә. Қолына қара домбырасын алып, 10 минуттық жырды төгілте шырқаған қаршадай қыз көпшілікке осы әні арқылы танылған-ды.

Алма Аманжолова

Жастайынан өнерге жақын өскен Алма Аманжолова ауыл, облыс сахнасында ән айтып жүреді. Үлкен сахнаға шығуды мақсат тұтқан қыз күндердің күнінде Алтынбек Қоразбаев қазылық еткен Кенен Әзірбаев атындағы байқауға қатысып, бірінші орынды иеленеді. Дәл сол кезде Алтынбек Қоразбаев жас орындаушыларды жинап, класс ашқан екен. Жас Алманы көрген бойда ол оны класына шақырып, өзіне шәкірт етіп алады. Алтынбек ұстаз болып жүріп, өзі шығарған әндерін шәкірттеріне беріп жатады. Алма да өзге шәкірттер сияқты ұстазының бірқатар әндерін шырқай бастайды. Алайда, «Қара пима» әні ерекше орынға ие.

Алтынбек Қоразбаев

Бұл әнінің шығуына көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулеттің «Қара пима» поэмасы түрткі болған. Поэма өте мұңлы әрі мағыналы болғандықтан, Алтынбек Қоразбаев оған ән шығаруға бел буады. Бірақ, ұзақ әрі күрделі ән орындаушысы табылмайды. Сазгер әнін ұсынатын әнші іздеп, біраз жүріп қалады. Содан қол астындағы шәкірті Алмаға әнді: «Өзіңе сенім артамын, әнді елге әдемі жеткіз» деп ұсынады. Алғашында ән ауыл, аудан, облыс сахналарында ғана шырқалып жүрді. Кейін 1996 жылы сазгердің Республика Сарайында өткен «Сырғалым» ән кешінде орындалды. Халық бұл әнді бірден жылы қабылдады. Ән әншіні, әнші әнді танытты. Содан бері «Қара пима» әні Алма Аманжолованың төлқұжатына айналды. Әнші қай жаққа бармасын, өнерсүйер қауым одан «Қара пиманы» орындап беруін өтініп сұрайды екен. Көп ұзамай «Қара пима» әнінің желісімен шағын фильм де түсірілді.

Ұлықбек Есдәулет

Қалың жұртшылықтың көз жанарына жас ұялатқан «Қара пима» әні талайдың тағдырымен ұқсас келетін шығар. Себебі, ғасыр дертіне айналған маскүнемдіктен бірталай тағдырлар тәлкекке ұшырап, бірталай өмірлер қиылды. Заманымыздың айықпас ауруының салдарын жырлайтын «Қара пима» көпшілікке ой тастап, тура жолдан адастырмаған болар.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: alashainasy.kz, thenews.kz, kzhelp.org, medicini.info

21012 6
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 28 қыркүйек 2012, 11:30
Пікірлер
+0
28 қыркүйек 2012, 12:20

Шынымен өте аянышты ән, қатты ойландырады

+0
28 қыркүйек 2012, 12:45

бала кезімде жылап жүрмін ғой осы әнді естіп...

+0
28 қыркүйек 2012, 15:01

туу не деген аянышты

+0
29 қыркүйек 2012, 00:45

осы әнді көптен таба алмай жүр едім

+0
30 қыркүйек 2012, 23:13

я, бұл әнді естіген адамның жүрегінің түршігері анық. Мен ең алғаш естігенде өксіп тұрып жылағанмын, қазір де көңілім босап отыр. Клипын көргенде өзімді тоқтата алмағанмын.... Ғасыр дертінің әлемді жайлап бара жатқаны қиын...

+0
10 қазан 2012, 20:29

журекти дир еткизетин ан гой, бул анди естигенде бойым дирилдеп козимнен жас парлап кететинин бар... :cry:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...