Димаш Құдайбергенов Канн фестивалінде өнер көрсетеді

Димаш Құдайбергенов Канн фестивалінде өнер көрсетеді
Фото: inform.kz

Қытайдағы "Singer-2017" xалықаралық байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайбергенов Канн кинофестивалінде ұлттық павильонның ашылуында өнер көрсетеді, - деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

- Ағымдағы жылы мамырдың 17-18-і күндері өтетін Канн кинофестивалінің 70 жылдығы аясында қазақстандық киноға арналған ұлттық павильон ашылады. Аталған павильон мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен орнатылады. Оған Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы да атсалысады. Ұлттық павильонның ашылуына орай университет өнерпаздарының концерті өтеді. Оған Димаш та қатысады деген жоспар бар. Ол елге танымал музыканттармен бірге өз өнерін паш етпек", - дейді университет ректоры Айман Мұсақожаева.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева үшінші курста оқитын Димаш Құдайбергеновтің АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласына оқуға баруы мүмкін деп мәлімдеген еді.

Димаш Құдайбергенов «Singer-2017» байқауының 5-кезеңінде «Uptown Funk» әнімен бесінші орынды иеленді.

Дереккөз: inform.kz

Ө. Сансызбай