Димаш Қытайдың атақты шамдар фестиваль кешінде қазақша ән орындайды

Димаш Қытайдың атақты шамдар фестиваль кешінде қазақша ән орындайды
Фото: vk.com

Димаш қашан қазақша ән шырқайды деп асыға күтіп жүрген тыңдармандар үшін жағымды жаңалық! Бүгінгі таңда миллиардаған қалың көрерменді тамылжыған үнімен тәнті еткен қазақстандық жас талантты әнші Димаш Құдайбергенов қазақша ән шырқайды. 

Бұл туралы ол: "Бүгін Қытайдың атақты шамдар фестиваль кешінде Кенен Әзірбав атамыздың "Ой жайлау" әнін шырқаймын! Тікелей эфирде 19:30 (Бейжің уақытымен) Hunan Tv арнасында! Қытайда айтылатын алғашқы қазақша әнімді жақсы қабыл аласыздар деп ойлаймын!" – деп жазды өзінің инстаграм парақшасына.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш бүгін 4-кезеңде өнер көрсетеді. 

Ж. Жұмағұлов