Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Марат Бисенғалиев жаңа оркестр құрды

Марат Бисенғалиев жаңа оркестр құрды

Марат Бисенғалиев жаңа оркестр құрды

Танымал скрипкашы және дирижер Марат Бисенғалиев Алматыда құрылған жаңа симфониялық оркестрді басқаратын болады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Алматы қаласы мәдениет басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Жаңа оркестрдің концерт-презентациясы 10-12 қазан аралығында Республика сарайында өтеді. Шара Бірінші Бүкіләлемдік орындаушылық өнері өкілдерінің конгресі (The First World Congress for the Perfoming Arts) аясында өтеді. Мәдениет басқармасының баспасөз қызметінің айтуынша, симфониялық оркестрге 50 адамнан құралған халықаралық музыканттар ұжымы мүшелік етеді.

"Оркестрде Батыс Қазақстан филармониясы мен Үндістан симфониялық оркестрінің тәжірибесі пайдаланылады. Бұл қос ұжым өте қысқа мерзім ішінде әлемдік танымалдылыққа ие болған өнерпаздар тобы", - делінген таратылған ақпаратта. Сонымен қатар, EMI, SONY BMG, Toccata Classic, Quartz, Abbey Road, Angels дыбыс жазу студияларымен бірігіп жұмыс жасау жоспарда бар. 

"10 қазанда өтетін музыкалық кеште Карл Дженкинстің "Шәкәрім" атты туындысы орындалады. Бұл музыкалық ұжымның кәсібилігінің, шеберлігінің негізгі дәлелі", - дегенді де қоса айтты басқарма өкілдері.

Естеріңізге сала кетелік, Марат Бисенғалиев бұған дейін Батыс Қазақстан филармониялық оркестрін басқарды. Дегенмен жергілікті билік өкілдерінің шешімімен ансанбль тарап кетті. Бұл шешім Орал қаласының өнер қайраткерлерінің мәдениет басқармасына түсірген арызынан кейін қабылданды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Ярослав Радловский©

1541 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 21 қыркүйек 2012, 15:41
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев