Алматыда халықаралық вокалистер конкурсы өтеді

Алматыда қыркүйектің 18-25 аралығында алтыншы рет "Бибігүл Төлегенова вокалистері" сайысы өтеді. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі қала әкімшілігінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Қазақстанның мәдени астанасында алтыншы рет Бибігүл Төлегенова вокалистері конкурсы өтеді. Аталған сайыстың мақсаты жастарды эстетикаға, адамгершлікке тәрбиелеу. Халықаралық вокалистер конкурсы еліміздің жастарының қайнар көзге, яғни, классикалық музыка мен халық әуендеріне ден қоюына түрткі болады", - делінген әкімшілік таратқан ақпаратта.

Баспасөз-қызметінің хабарлауынша, конкурстың ашылу салтанаты ертең, яғни, 18 қыркүйек күні Абай атындағы опера және балет театрында 18.00-де басталады. Іріктеу туры 19-21 қыркүйек күндері "Қазақконцерт" залында (10.30-19.00) өтеді. 24-іне белгіленген (сағат 15.00-де) финалдық тур, 25-і күнгі (18.00) жеңімпаздарды марапаттау салтанаты және гала концерт Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда өтеді.

Конкурсқа Қазақстан мен шет елдерден келген 45 әнші қатысады деп жоспарланып отыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: dailynews.kz

Бөлісу: