Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / «Ұлы дала мұрасы»

«Ұлы дала мұрасы»

«Ұлы дала мұрасы»

Ұлттық кәсіби музыка өнеріміздің қарашаңырағы Қазақстанның еңбек сіңірген ұжымы, Дүниежүзілік және Халықаралық конкурстардың лауреаты, «Халықтар достығы» орденді Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі 2016 жылдың 23 қарашасы күні тұңғыш рет Республика Сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына және Алматы қаласының 1000 жылдығына арнаған «Ұлы дала мұрасы» атты мерекелік концертін өткізеді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке.  Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде биік белестерді бағындырып, толағай жетістіктерге қол жеткізді. Оркестр ұжымы осы концертін ел тарихында орын алған Тәуелсіздік мерекесіне және мәдени астанамыз болған Алматы шаһарының 1000 жылдығына арнап отыр. Екі бөлімге құрылған концерттің шымылдығы төл шығармалармен ашылып, екінші бөлімі классикалық шығармалармен жалғасын табады. Концерттің ерекшелігі классикалық шығармалардың қазақ оркестрімен орындалуында.

«Ұлы дала мұрасы» деп аталатын 83-ші концерттік маусымның ашылу салтанатына дәстүрлі әншілік мектептің өкілдері - Нұржамал Үсенбаева, Сәуле Жанпейісова, Ерлан Рысқали, дәстүрлі күйшілік мектептің өкілдері - Тұрар Әліпбаев, Біләл Ысқақов, Батыржан Мықтыбаев, Нұржан Жанпейісов, Сабира Бибатырова, Халықаралық конкурстардың лауреаттары - Ақайша Жұрбай, Асел Рақымжан, Фархат Кубиев, Дулат Тоқанов, Азамат Малышев, Гүлнұр Көшенова және А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатының балалар хоры қатысады.

Оркестрдің бас дирижеры, «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері – Арман Жүдебаев, дирижер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Жанас Бекентұров, ҚР мәдениет қайраткері - Жексен Айсын.

Концертті ҚР мәдениет қайраткері Тұрарбек Хайралиев және Қымбат Досжан жүргізеді.

0
Рейтинг: +0

Фото: kurmangazy.com
Қосылған күні: 31 қазан 2016, 14:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.