Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Оралдағы Құрманғазы мен Дина ескерткіші

Оралдағы Құрманғазы мен Дина ескерткіші

Оралдағы Құрманғазы мен Дина ескерткіші

Жақында  Орал  қаласында  күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы мен оның дарынды шәкірті Дина Нұрпейісоваға ескерткіш орнатылады.

Биыл күй анасы Дина Нұрпейісованың туғанына 155 жыл толды. Осыған орай өңір басшысы Алтай Көлгінов Динан Нұрпейісова мен оның ұстазы Құрманғазыға бір композиция қоюды ұйғарған екен.

Ескерткіш авторы: танымал мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Мұрат Мансұров. Ол Алматыдағы «Тәуелсіздік», Астанадағы «Қазақ елі», «Керей мен Жәнібек» сынды монументтерді салуға қатысқан, еліміздегі көптеген ескерткіштердің авторы.

Бұл жобаға алдымен республикалық конкурс жарияланып, соның нәтижесінде үздік жұмыстар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы мемлекеттік комиссияға жіберген. Байқау қорытындысы бойынша, Мұрат Мансұровтың жобасы озық деп танылған екен.

Ескерткіш жұмысы үш айда өз нәтижиесін берді. Жалпы салмағы бес тоннадай болады. Астанадағы көркемөнер комбинатында құйылған. Жұмсалған қаржы көлемі 67 млн. теңгенің шамасында.

Тағы бір қуанышты жаңалық, Ақ жайық өңірінде  қазақтың үш батыр қызы –Хиуаз Доспанова, Мәншүк Мәметова және Әлия Молдағұловаға ескерткіш орнатуға қаражат бөлу мәселесі шешіліп жатыр.

0
Рейтинг: +0

Фото: Айбатыр Нұраш, inform.kz
Қосылған күні: 22 қазан 2016, 16:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.