Америкалық хип-хоп орындаушы елімізде концерт береді

Америкалық хип-хоп орындаушы елімізде концерт береді

Қазақстанға америкалық хип-хоп орындаушы Аиша Фукушима қонақ болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Музыкант еліміздің төрт қаласында (Алматы, Астана, Павлодар, Шымкент) концерт бермек.

Журналистирге берген сұхбатында: "Стереотиптік түсініктегі хип-хоп дегеніміз бейәдеп сөздерді қолдана отырып, композицияны эскрпессивті түрде орындау. Бірақ менің шығармаларымның арасында бұндай туындылар жоқ. Мен қазіргі заманның ағысы туралы жазамын, - деді Фукушима. - Шығармашылықтан басқа ЖОО-ларда рэпитивизм мен сахналық өнерден сабақ беремін".

Аиша Қазақстан жұртына хип-хоп музыканы ұсына отырып, қалың аудиторияны Америка мәдениетінің контексімен таныстыруды мақат етіп отыр. Музыкант әр қалада жергілікті хипхоперлер және брейк-данс орындаушыларымен бірігіп өнер көрсетуді жоспарлауда. Фукушиманы шымкенттіктер - 12 қыркүйекте, алматылықтар - 14 қыркүйекте "Мега" сауда орталығына келіп тыңдай алады. Хипхопер 15 қыркүйекте Павлодар қаласындағы Естай атындағы мәдениет сарайында, 19 қыркүйекте Астанада концерт беруді жоспарлап отыр.

Aisha Fukushima. "Hometown Glory"
Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, 15 қыркүйекте "31 арнада" брейк-данс бишілерінің тарихы туралы баяндайтын "B-Boy планетасы” туралы деректі фильмінің көрсетілімі болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: homeskilletfest.com