Құрманғазы оркестрі Солтүстік Қазақстан облысына гастрольдік сапармен барады

Құрманғазы оркестрі Солтүстік Қазақстан облысына гастрольдік сапармен барады
Фото: Құрманғазы оркестрі

Ұлтымыздың көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың "алыс аймақтардағы тұрғындардың мәдени өрлеу ісіне атсалысу" тұрғысындағы тапсырмасын түбегейлі қолдап, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі Солтүстік Қазақстан облысына гастрольдік сапармен барады. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылған гастрольдік  іс-шара "Ұлы дала мұрасы" деп аталады.

Концертке оркестрдің бас дирижеры, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері – Арман Жүдебаев, күйші Батыржан Мықтыбаев, дирижер-Мәдениет қайраткері Жексен Айсын, ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері - Ерлан Рысқали, Халықаралық конкурстардың лауреаттары - Асел Рақымжан, Фархат Кубиев, Гүлнұр Көшеновалар қатысады.

Гастроль кестесі:

1 қазан сағ:11.00 Мамлют ауданы, Мәдениет үйі 

1 қазан сағ:15.00  Қызылжар ауданы, Мәдениет үйі

1 қазан сағ: 19.00 Аққайың ауданы, Мәдениет үйі

***

3 қазан сағ:15.00 Есіл ауданы, Мәдениет үйі

4 қазан сағ:14.00 Жамбыл ауданы, Мәдениет үйі

5 қазан сағ:19.00 Петропавл қаласы, Жастар сарайы

6 қазан сағ:15.00  М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Н. Айдархан