Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан «Алло» әнінің жалғасын шығарды (видео)

Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан «Алло» әнінің жалғасын шығарды (видео)
Фото: vk.com

Қазақстандық танымал әншілер Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан көрермендер көңілінен шыққан «Алло» әнінің жалғасын шығарды. Бұл ән «Сәлеметсіз бе» деп аталады.

Жеңіл, ойнақы, сөздері қарапайым, қабылдауға жеңіл, музыкасы да жағымды әнді жылы қабылдады. Тіпті, «Таныдың ба?», «Жұлдыз ба едің?», «Бос орынға гүл егіңіз», «Құрдастарым келсе жүзге, менің жасым он сегізде» деген сөз тіркестері жұрт жадында жатталып та қалды. Осы ән шыққаннан кейін әлі жалғасы болатынын, клипі де жалғасатыны белгілі болған еді. Олай болса «Сәлеметсіз бе» әні де тыңдармандарын көп күттірмегендей. Әлеуметтік желілерде жарияланып үлгерді. «Youtube» желісіндегі "Ерке Есмахан" парақшасынан жаңа әнді тыңдауға болады. Клипі кейінірек шықса керек. Олай болса «Сәлеметсіз бе» әнін тыңдап, бағасын бере отырыңыздар.  


Ө. Сансызбай