"Еуровидение-2017" өтетін қала 1 тамызда белгілі болады

"Еуровидение-2017" өтетін қала 1 тамызда белгілі болады
Фото: inform.kz

Украинадағы "Еуровидение" финалистерін қабылдайтын қала 1 тамызда белгілі болады. Украина мәдениет министрінің баспасөз хатшысы Юлия Доценко "Еуровидени" өтетін қаланы бүгін жарияламаймыз. Жоспар бойынша, 1 тамызда белгілі болады», - деп атап өтті.

Бұған дейін "Еуровидение-2017" өткізу құқығына ие Украина қалаларының тізімі 27 шілде күні жарияланады деп болжанған еді. Бірақ, Доценконың айтуынша, "техникалық ақаулар" туындаған секілді. "Тағы да қайталаймыз: үміткер қалалар өте мықты және бізге біраз уақыт керек", - деді ол.

"Еуровидение-2017" байқауын өткізу үшін Украинаның алты қаласы – Одесса, Харьков, Херсон, Днепр (бұрынғы Днепропетровск), Киев және Львов таласты. Қалалар конкурсының финалына Одесса, Киев және Днепр қалалары шықты. Жақын күндері жастар және спорт министрі Игорь Жданов байқауды өткізуге Киев қаласы мен астаналық спорт сарайы таңдалса, сахна дайындауда біраз қиындықтар туындайтынын айтты. Себебі, "Еуровидение" өтетін мерзімде Киевтегі астаналық спорт сарайында хоккей бойынша әлем Чемпионаты өтеді және "Еуровидениеге" сахна мен алаң дайындауға өте аз уақыт бөлінуі мүмкін".

Биылғы  14 мамыр күні Швеция астанасында өткен "Еуровидение-2016" сайысында "1944" әнімен украиналық Джамала жеңіске жеткен еді. Сол себепті, Украина келесі жылғы байқауды өткізу құқығына ие болды.

Дереккөз: inform.kz

Г. Берік