Ұйғырдың "Дауыс" шоуына қатысқан қазақ жігіт үшінші кезеңге өтті

Ұйғырдың "Дауыс" шоуына қатысқан қазақ жігіт үшінші кезеңге өтті
Фото: youtube

Қазақ әншісі Қайсар Далайбекұлы "The Voice" жобасының аналогы ретінде ұйымдастырылған ұйғырлардың "Иппәк йол садаси" шоуына қатысты. Қайсар көрмей тыңдау кезеңінде авторлық "Сол күндер" композициясын орындап, қазылар алқасының жүрегін жаулап алды. Нәтижесінде, Қайсар тәлімгер ретінде халық әртісі Ділшат Рахидинді таңдады.

Екінші кезеңде ол тағы бір қатысушымен бірге "Дударай" әнін орындады. Көп ойланған тәлімгер өз тобында Қайсарды қалдыруды шешті. Енді ол "Нокаут" деп аталатын үшінші кезеңде өнер көрсетеді.

Дереккөз: tengrinews.kz

С. Ерсін