Ерке Есмаханның "Еркемін" бейнебаяны жарыққа шықты

Ерке Есмаханның "Еркемін" бейнебаяны жарыққа шықты
Фото: brod.kz

Әнші Ерке Есмахан Төреғали Төреәлімен бірге орындаған "Алло" әні еңбектеген сәбиден еңкейген қартқа дейінгі барлық жанның көңілінен шыққан, хит әнге айналған болатын. Әнші қыздарыңыз сол хиттің ізін суытпай жаңа жеке бейнебаянын шығарды. Небары бір аптаның ішінде дайын болған бейнебаян көрерменге жол тартты. Алайда Ерке сол "Аллодағыдай" ауылдың ерке қызының бейнесінен шықпаған. 

Ерке Есмаханның өзіне арналып жазылған "Еркемін" әнінің авторы жас композитор Құрал Молжанов болса, ал сөзін айтыскер ақын Аян Сейітов жазған. Бейнебаян ауылдағы ерке, әнші қыздың өмірін суреттейді. Бейнебаянға белгілі актер, Алматы мәслихатының депутаты Асылхан Төлепов түскен, яғни актер әншінің ғашығы ролін сомдайды. Көңілді әрі қызықты бейнебаян көпшілік көрерменнің көңілінен шығып жатыр. Ал сіздің берер бағаңыз қандай?

Н. Үсенова