Марат Оралғазиннің үш жылғы еңбегі қолды болды

Марат Оралғазиннің үш жылғы еңбегі қолды болды
Фото: kaztube.kz

"Ду қол шоколад!» әзіл-ысқақ шоуының жүргізушісі, блогер Марат Оралғазиннің макбугы қолды болды, деп хабарлайды Baistars.kz. Оралғазин макбугты қайтарып бергендерге сыйақы беретінін де айтты. Себебі онда көптеген құнды ақпарат сақталған. Бұл туралы ол өзінің Инстаграмдағы жеке парақшасында хабарлады. «10 сәуір күні 20:30 аралығында Навои  Әл-Фараби көшелері қиылысындағы ауданда теріден жасалған қара сөмкедегі макбук ұрланды. Компьютердегі ақпаратқа баға жетпейді. Бірнеше телехикаяның, тв-бағдарламалардың және толықметражды фильмнің сценарийі. Жалпы үш жылғы еңбек. Егер қуанышыма орай макбук мейірімді адамдардың қолына түсетін болса, менімен хабарласуын сұраймын. Сыйақыңызды беремін. Адамгершілік қасиет бар деп үміттенемін»  деп жазды Оралғазин.

Н. Үсенова