"Бақай" тобы аналарға арнап бейнебаян түсірді

"Бақай" тобы аналарға арнап бейнебаян түсірді
Фото: baistars.kz

Жаңа құраммен сахнаға қайта оралған "Бақай" тобы кезекті әніне клип түсірді. Бұл туралы Baistars.kz хабарлайды. Бейнебаянның "Жан ана" деп аталатын әнінің сөзін жазған Батырхан Дәуренбеков, ал музыка авторы  Мәди Айжанов. Ән бұрынғы "Бақай" тобының репертуарында болған. Тек топ тарап кеткендіктен, ән халыққа жетпей қалған. Енді жаңа құраммен шыққан "Бақайлықтар" әнге жаңаша леп әкелуді көздеп отыр. Клиптің режиссері Әнуар Матжанов.

Естеріңізге сала кетейік, қазір топта Ержан Үсенбаевтің орнына келген актер әрі әнші Тимур Пиязов пен Бек Шәріп өнер көрсетіп жүр. Жаңа құрамның тырнақалды туындысы «Өмір-ай» атты жаңа әнге түсірілген бейнебаяндары бар.

Ө. Сансызбай